Текст
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында «Дені сау бала» бағыты бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттер арасында спорттық сайыс өткізілді.
Балаларды қорғау, бос уақытын ұйымдастыру, оқыту және балалардың құқықтарын қамтамасыз ету – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттерді оқытудағы басым бағыттардың бірі. Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер арнайы жүлделермен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары С.К.Таласпаева, А.Б.Мукушев.