Оқу жылы да аяқталып келеді, яғни көптеген оқушыларды болашақта білім алу мәселесі толғандырады. Осыған байланысты Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде "Ашық есік күндері" өтіп жатыр, оған болашақ студенттерге мамандық таңдауға көмектесу үшін мектеп түлектері шақырылады.
2022 жылдың19 мамырында колледжге "№1 орта мектеп – гимназиясының " тоғызыншы сынып түлектері келді. К-ЖТК екінші оқу корпусында бірқатар іс-шаралар өткізілді: оқу шеберханаларында оқушылар өздерін "Жиһаз өндірісі" мамандығы бойынша білім алушылар рөлінде сынады, атап айтқанда ағашқа лазерлік нақыштауды, ағаш бұйымдарын жиектеу мен бұрғылауды орындауға тырысты, сонымен қатар геодезиялық аспаптармен жұмыс істеді. Одан әрі оқушылар "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" және "Архитектура" мамандықтары бойынша студенттердің оқитын Revit бағдарламасында өз армандарындағы үйді жобалау мүмкіндігіне ие болды.
Бұл іс-шаралар кәсіптік бағдар беруде өте маңызды, өйткені болашақ мамандықты ерте таңдау және оны игеру жас адамның жеке еңбек қызметіндегі табысының кепілі және оның мансаптық өсуінің негізі болып табылады.