АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІРІ-ЖАҚСЫ-ТАҢДАҢЫЗДАР ҮЗДІК

30.05.2022

ЖАҚСЫДАН – ҮЗДІГІН  ҒАНА ТАҢДАҢЫЗ!
Бұл сөздерді Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің студенті Ардақ Бабас екі жыл бұрын мектеп түлектерінің алдында қаланың түрлі оқу орындарының өкілдері сөз сөйлеген кезде өзінің сынып жетекшісінен естіген.  
Ардақ-шығармашыл адам, сәйкесінше, колледждердің жарнамалық буклеттерін зерттей келе, шығармашылық компонентті қолданып, болашақта тұрақты, сұранысқа ие болатын мамандықты іздеді. Жалпы білім беретін мектепте оқи отырып, Ардақ өнер мектебінде білім алды. Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжін таңдап, "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" біліктілігі бар тігінші болғысы келді. Колледжде арманы мен ойын іске асыруда ол өзін тапқандай болды. Көркем сурет мектебінде алған білім мен дағдыларын өндірістік оқыту процесінде ұштастыра білді. 
Тігінші мамандығында ұсақ-түйек нәрсе жоқ және қателіктер болмауы керек деген берік сеніммен, жұмыстың әр кезеңін өте байсалды және мұқият орындай біледі. Студенттің сабақта қойылған міндеттерді орындауға деген осындай жауапкершілігін және Ардақтың жиі сұрақтар қойып, кәсіби құзіреттілігінің құпияларын меңгеруге деген құлшынысын өндірістік оқыту шеберлері О.Д. Корчевная мен Л. А. Гапоненко атап өтті.
Болашақ маман ретінде Ардақ өзінің миссиясы әлемді сұлулыққа бөлеу деп біледі, ал бұл сұлулықты картина секілді әркім өз ісімен, киім киісімен салады деген ойда. Айналасындағы әлемге ерекше көзқарасы бар Ардақтың философиясы осындай және ол әлемді сұлулыққа бөлейтіндігіне сенімді!
Ардақ Бабас шығармашылық байқауларға да қатысып тұрады. Осы екі оқу жылында ол Республикалық Арт-сурет байқауында 2-орын, ал Жеңіс күні қарсаңында қалалық жастар ресурстық орталығы өткізген "И помнит мир спасенный" суреттер байқауының қорытындысы бойынша  жүлделі 1-орынға ие болды. Біздер сияқты Ардақ та соғыс туралы майдангерлердің әңгімелерінен, фильмдерден, кітаптардан біледі, ол өз туындыларында замандасының қабылдау призмасы арқылы соғыс қасіретінің қорқынышты эпизодтарын кіріктіре білді. 
Осылайша Ардақ жақсыдан тек үздігін таңдап, оқу мен шығармашылығын ұштастырып келеді. Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде бұл үшін барлық жағдай жасалған: заманауи технологиялар, жабдықтар, өз ісіне берілген педагогтар, студенттер мен педагогтар арасындағы ынтымақтастық.
Мұның бәрі сәттіліктің, шаршамай алға ұмтылудың ерекше атмосферасын құрайды. Басқаша болуы да мүмкін емес! Ардақ Бабастың кішкентай оқиғасы - бұған дәлел . 
Бүгінгі таңда болашақ мамандық пен оқу орнын таңдау дилеммасының алдында тұрған балалардың   жақсыдан үздігін таңдауына сәйкес болу қажет.
 
Наталья Румянцева,
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің оқытушысы

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст