Кітап – білім азығы...
Халық даналығы осындай... Барлық тіл мен әдебиет мұғалімдері балаларға ең маңызды - оқу және жазу өнерін меңгертеді. Әрбір филолог-педагогтың сабағы, қай тілде сабақ өткізсе де, сөздің әсемдігі мен құдіреттілігін сезініп,бағалауға,өзінің лексикалық қорын байыта түсіп, шебер пайдалана білуге үйретеді.
Мұның қайнар көзі, сөзсіз, әдебиет. Бұл бір мезетте кез-келген дәуірде, беймәлім ортада болып, адамның қарым-қатынас, мейірімділік, адамгершілік, зұлымдық, сатқындық, құмарлық,махаббат сияқты терең сезімдерін сезіндіре алатын ерекше пән.
Ұлттық рухтың оянуына, халықтың тілін, ділін сақтап қалуына ықпал ететін халықтың көзі мен құлағы болуға дағдыланған мамандар – осы филологтар. Оқушыларды мұғалімдер әдебиетке баулуға, тіліне баса мән беруге және әлем туралы таным-түйсігін оятуға ұмтылады. Оның себебі де жоқ емес. Дұрыс жаза білу, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білу, болашағыңның іргетасын қалаумен тең.
Ең бастысы, тіл мен әдебиет сабақтары Отанды сүюге үйретеді, мемлекеттік тілге және ана тіліне деген құрметке баулиды.
Бұл филологтарға арналған ода емес, бұл стильдендірілген әңгіме – Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің филолог-әріптестеріме деген құттықтау. Сенсеңіз, асыра айтылған сөздер емес, бір кездері ұлы СӨЗГЕ қызмет ету – игі ісін таңдаған әріптестерімнің шынайы портреті!
Цифрландыру, ақпараттық және компьютерлік технологиялар адамдардың жеке өмірі мен қызметін ыңғайлы етіп, физикалық күш салудан барынша босатып, жаңашылдыққа, технологиялық прогрестің шыңына жетуге, қарқынды алға жылжуға ықпал етеді. Біз робототехник, техник, механик, автодәнекерлеуші, электромонтер, бағдарламашы, дәнекерлеуші, тігінші, аудиторлар, шаштараз сияқты түрлі маман иелеріне білім береміз... бұл тізімді әлі де жалғастыра беруге болады.... Дегенмен, қай саланың маманы болса да, анасына, сүйікті адамына, мұғаліміне ризашылық сезімін білдірері сөзсіз, әдемі дұрыс, сенімді, эмоционалды сөйлей білуді жоққа шығара алмаймыз... Міне, менің әріптестерім асқан сүйіспеншілікпен әртүрлі тілде осыған үйретеді.
Мерекелеріңізбен, құрметті филологтар!
Туған еліміз – Қазақстанның бейбіт аспаны астында сіздерге денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!
Наталья Румянцева, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің оқытушысы.