АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты квест-ойыны өткізілді

25.05.2022

2022 жылдың  20 мамырында Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде  1 курс студенттері арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты квест-ойыны өткізілді.
Аталған іс - шараның негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, жастарды адалдық пен парасаттылыққа тәрбиелеу.
Квест-ойыны барысында қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындай отырып,  қарапайып, әрі қызықты түрде сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын жеткізе алды. 
Ойынның бірінші кезеңі командалардың сәлемдесуінен  басталды, сондай-ақ командалардың ұрандары айтылып, эмблемалары көрсетілді.
Квесттің «Себебін көрсет»  екінші кезеңінде – командалар қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептерін барынша көрсетуге тырысты.  
Келесі кезеңде командалар  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайға» дұрыс жауап беруі керек еді. Командалар бұл тапсырманы өте жақсы орындады.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» квест-ойынының қорытынды кезеңі – интеллектуалды ойын болды. Командалар сұрақтарға жауап беріп, терминдерге анықтама берді, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндірді және ребустарды шешті.
Ойын қорытындысы бойынша "Аогири" командасы (РПО – 21, УА - 21) жеңімпаз атанса, 2-орынды "Плазма" (СКХ - 21), 3-орынды "Антикорр" (МВТ – 21) командасы иеленді. Ойын әр қатысушыға өз білімдері мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді және студенттер арасындағы коммуникативтік өзара қарым-қатынастарды дамытуға, командалардың бірігуіне ықпал етті.  
Біз мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеуге және "адалдық", "парасаттылық" және т. б. сияқты ұғымдарды кеңінен тануға ықпал етеді деп санаймыз.

Қали Д.Ж. Саналы ұрпақ студенттер клубының жетекшісі ​

 

 
Просмотров: 1471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст