2022 жылдың 24 мамырында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің базасында "Білім беру үдерісіне қатысушыларды әдістемелік сүйемелдеудің тиімділігі" атты облыстық әдістемелік семинар өтті.
Басшының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары,ТжКБ әдіскерлері үшін экскурсия ұйымдастырылды, онда К-ЖТК педагогтары оқу процесінде пайдаланатын платформалармен, ақпаратпен, тәжірибемен, инновациялық бағдарламалары және әдістерімен, технологияларымен бөлісті.
Спикерлердің арасында К-ЖТК оқытушылары да болды:
1. «Мультимедиа – презентация дизайнындағы типографика және беттеу ережелері», ІT бағытының арнайы пәндер оқытушысы Н.В.Лузгарева;
2. «Педагогтың электрондық портфолиосы педагогикалық тәжірибені ұсыну нысаны», IT-бағытының арнайы пәндер оқытушысы Н.К.Оспанова, химия және биология пәндерінің оқытушысы Э.Б.Куланова;
3. «Заманауи білім беруде оқытушының жеке дизайнерлік стилін жасау және дамыту», IT-бағытының арнайы пәндер оқытушысы Серік Әбілқайыр;
4. «Колледж педагогтерінің озық тәжірибесін енгізу және тарату, жалпылау және оқытудағы әдіскердің рөлі», басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Д.У.Кожахметова.
Семинардың практикалық бөлімі аса қызықты, әрі нәтижелі өтті.
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімінің басшысы Сердалина Сәуле Сәлімжановаға және әдіскер Жұмажанова Сәуле Болатқызына семинарды ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Әріптестерімізге шығармашылық шабыт тілейміз!