19.05.2022
Педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде ҚР БҒМ "Талап" КЕАҚ және Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық оқу-әдістемелік кабинетпен бірлесіп, біліктілікті арттыру курстарын өткізіп жатыр.
2022 жылдың 18 сәуірінен бастап Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің базасында Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарының педагогтері, оның ішінде К-ЖТК 29 педагогы 72 сағаттық курста өз білімдерін жетілдіруде. Сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары кезінде педагогтердің өндірістік кәсіпорындарда 36 сағаттық тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
Курс тақырыбы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру".
Курс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу
еңбек нарығы мен 4.0 Индустриясының қажеттіліктерін ескере отырып, педагогтердің оқытылатын модульдер бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіру
оқыту әдістемелері мен психологиялық-педагогикалық тәсілдерді пайдалануға жәрдемдесу
BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау
It педагогтардың студенттерде цифрлық дағдыларды қалыптастыру үшін-құзыреттерді дамыту бойынша модульдер қаралды.
Курс тренерлері, "Талап" КЕАҚ штаттан тыс тренерлері Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызына, Махамбетова Мадина Хасиевнаға, Сбитневная Лариса Евгеньевнаға, Хасенова Айжан Маратовнаға атқарған жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз.
#institutrazvitijatipotalap
#naotalap
#tipo
#obuchenie
#kursy
#college