19.05.2022
2022 жылдың 17 мамырында WorldSkills стандарттары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы «Үздік дәнекерлеуші» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті!
Сайыс К-ЖТК дәнекерлеу өндірісі бойынша құзыреттіліктің оқу-өндірістік орталығында ұйымдастырылған дәнекерлеу алаңдарында өтті.
Қатысушылар WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша бағаланды.
әрқайсысы «Сварка КЗ» ұйымдастырушы компаниясы атынан сертификат және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ал жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды:
1. І дәрежелі диплом және 150 мың теңге сомасындағы сертификатты Теслюк Дмитрий Владимирович(«Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС) жеңіп алды.
2. ІІ дәрежелі диплом және 100 мың теңге сомасындағы сертификат Марченко Илья Юрьевичке («ERG-service» ЖШС, Павлодар қаласы) бұйырды;
3. ІІІ дәрежелі диплом және 50 мың теңге сомасындағы сертификатты Чичков Юрий Юрьевич («Borusan Makina Kazakhstan» ЖШС ЖК, Қарағанды қаласы) иеленді.
Кәсіби шеберлігі үшін медальондармен Шихирин Владимир («Көкшетау Транс Газ» ЖШС), Кузнецов Герасим (Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі) марапатталды.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің әкімшілігі атынан барлық қатысушылар мен сарапшыларға естелік кәдесыйлар табыс етіліп,ақшалай сыйлықтармен ынталандырылды.