Оқу орны білім алушылар үшін табысты жағдай жасайды!
11.05.2022
К-ЖТК сапалы білім беру кеңістігін қалыптастырады.
Hard Skills-ті дамыту үшін құзыреттілік орталықтары біздің студенттердің кездесу орны болып табылады.
Маңызды кәсіби құзыреттер жиынтығына ие болу үшін болашақ мамандар дәнекерлеу және құрылыс технологиялары, шанақты жөндеу, жиһаз өндірісі, токарлық іс бойынша және т. б. қазіргі заманғы жабдықтарда жұмыс істейді.
К-ЖТК студенттері кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша дайын өнім шығаруда өз қызметінің негізгі практикалық дағдыларын игереді.
К-ЖТК студенттері WorldSkills, EuroSkills түрлі деңгейдегі байқауларда алтын, күміс, қола медаль иегерлері болып табылады.
Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың арқасында біздің студенттер Ресейдің Набережные Челны қаласындағы "КАМАЗ" ЖАҚ-да кәсіби практикадан өту мүмкіндігіне ие.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРАМЫЗ!
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" МКҚК