АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"

11.05.2022

2022 жылдың 6 мамырында УА – 21, УА – 21 – 1, РПО – 21, АУП – 21 топтарында Жеңіс күніне арналған "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның өткен тарихы мен бүгініне құрметпен қарауға тәрбиелеу, жауынгер-қорғаушыларға, ҰОС қатысушыларына құрмет көрсету, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру.
Зияткерлік ойын 3 тур бойынша өткізілді. Ойынның тапсырмалары соғыс жылдарындағы даталар, Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктері туралы сұрақтардан тұрды. 2-ші кезеңде "Үшеуі бір" жұлдыз астында командалар белгілі бір тақырып бойынша 3 сұраққа жауап беруі керек еді. 3-турда командалар Ұлы Жеңіс әндерінің аттарын атады. 
Іс-шара қорытындысы бойынша:  
1-орын – РПО-21 командасы
2-орын – УА-21 командасы  
3-орын АУП – 21 тобының командасы
Жылдар өтеді, ұрпақ жалғасады, бірақ аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктері мәңгі жүрегімізде қала бермек. Біздің еліміз үшін бұл күн ерекше айтулы күн.  
Аталған іс-шараға жауапты әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары Р.Ж.Ракишева, Г.К.Кожахметова, А.Ш.Бектенова, Д.Ж. Қали.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст