АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"

11.05.2022

"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"
      9 мамырда бүкіл Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын атап өтеді. Бұл күн еліміздің әрбір тұрғынының жүрегіндегі айтулы күндердің бірі болып қала бермек...  
     "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" деген сөздер бүгінгі күні де өз мағынасын жоғалтқан жоқ. Біздер үшін өз өмірін қиған халқымыздың, батырларымыздың, аталарымыздың ерлігін есімізде мәңгі сақтаймыз.
Ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтау, Қазақстанның өткен тарихы мен бүгініне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде осы атаулы күнге арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Оқу топтарында " Батырлар есімін ешқашан ұмытпаймыз!", еске алу акциялары, " Біз есте сақтаймыз! Біз мақтан тұтамыз!" кураторлық сағаттар өткізілді. Студенттер Ұлы Отан соғысының батырлары туралы және соғыстың қайғылы оқиғаларын есте сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. 
Студенттік жатақханада "Ертең соғыс болады"атты іс-шара өтті. Соғыс жылдарындағы әндер, билер және студенттердің оқыған өлеңдерді көрермендерді сонау тарихта қалған қорқынышты, дегенмен есте қалған уақытқа жетелегендей болды. Бір минут үнсіздікпен соғыста қаза тапқандар мен өмірден озған ардагерлерді еске алды.

Просмотров: 275


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст