АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Колледждердің білім беру үдерісіндегі жаңашылдық пен инновациялар"семинар

03.05.2022

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі мен С.Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжі арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында диалог алаңы форматында "Колледждердің білім беру процесіндегі жаңашылдық пен инновациялар"атты семинары өтті. Семинарға екі колледждің оқытушылары қатысты.
Колледж басшысы А.К. Еслямова семинар қонақтары мен қатысушыларын қарсы алып, колледждермен жасалған меморандумның мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.     С.Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжінің директоры Б. К. Шеркешбаева өз кезегінде семинарды ұйымдастырғаны және тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. 
Семинар барысында білім беру процесіне оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдердін енгізу және қолдану туралы талқыланды.
Ақпараттық пәндер оқытушылары Мергунов Г.А., Саутбекова А.Г., Оспанова Н. К. қатысушылардың назарына: ТжКБ ұйымдарында ашық оқытуды ұйымдастыру, цифрлық білім беру ресурстарын құру, аралас оқыту технологиясы, Learnis онлайн ресурстарын пайдалану, web-бағдарламалау сабақтарында сайттар құру технологиясын ұсынды.
Автомобиль саласындағы мамандарды бұлтты технологиялар (Electude) базасында электронды оқыту үлгісінде оқытудың инновациялық жүйесімен арнайы пәндер оқытушылары З. Ж. Аяпбергенов,  Д. А. Әшімов таныстырды.
Сабақтарда және курстық жобаны (Revit бағдарламалық кешені) орындау кезінде BIM - технологияларды практикалық қолдануды құрылыс пәндерінің оқытушылары Д. Ш. Сейітов, А. Р. Асылбеков көрсетті.
Математика пәнінің оқытушылары Бекмағамбетова З.К. және Шарук и. А. студенттердің шығармашылық-жобалық жұмыстарын ұйымдастыру, математиканы мамандықпен интеграциялау және математиканы оқытуда қандай АКТ технологиялары (тірі геометрия, Geogebra , Tarsia ) пайдаланылатыны туралы айтып берді.
Н.У. Асылбекова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің серіктесі бола отырып, қосымша платформалар (онлайн курстар) құру мүмкіндігімен таныстырды.
Әр презентациядан кейін қатысушылар пікір алмасып, бір-біріне сұрақтар қойды. Дөңгелек үстел соңында студенттерді оқытуды ұйымдастырудың заманауи мәселелері, оқу пәндерін әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыру мәселелері, АКТ-технологияларды қолдану тәжірибесі мен келешегі талқыланды.

 

Просмотров: 285


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст