АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғылымдар шеруі»

29.04.2022

«Науки разные нужны,

Науки всякие важны.

Вот науки встали в ряд –

Начинают свой парад!» 

Осындай сөздермен Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің қабырғасында жыл сайын ұйымдастырылатын және дәстүрге айналған жаратылыстану-математикалық цикл апталығының "Ғылымдар шеруі" ашылды. Біздің мерекеге білуге құмар, жаңа нәрсені түсінуге қызығушылық танытатын, заттардың мәнін түсінуге тырысатын, білім әлеміне жол ашқысы келетін колледж студенттері шақырылды.

Студенттерге ғылымның түрлі салаларындағы жаңа озық технологиялар туралы, жаңа мамандықтардың-болашақ кәсіптердің пайда болу перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Оны игеру үшін студенттердің назары қазіргі уақытта қандай кәсіби дағдылар мен білім қажет екеніне аударылды.

Іс-шара барысында балалар командаларымен әр түрлі сайыстар мен ойындарға ("Сөздерді құрастыру", "Барлық мамандықтар маңызды, барлық мамандықтар қажет", "Логикалық ассоциациялар", "Адам-цифр","Ребусты тап", "Өзіңнің кәсіби портретіңді сал") қатысты, көрермендер үшін бөлек өткізілді.

Сайысқа қатысу дайындық деңгейі әр түрлі студенттер үшін өз білімдерін, интуициясын, сыни ойлау, креативтілігін көрсетуге, талдай білуге, дәлелдей білуге, математика, физика, химия, биология пәндері бойынша өз тапқырлығын, сондай-ақ өз кәсібінің ерекшелігі бойынша білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді. Ең бастысы, студенттер ұсынылған тапсырмалардың жауаптары мен шешімдерін әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға, әртүрлі позициялар мен тәсілдерді салыстыруға, өздері таңдаған жауаптарын дәлелдеуге мүмкіндік алды. Студенттердің ғылым шеруіне қатысуына бұл ғана себеп емес, мұнда тамаша көңіл-күй, позитивті, достық, ізгілік пен бірін-бірі түсіну атмосферасын сезінуге болады.

Математика пәнінің оқытушысы Бекмағамбетова З. К.

 

 

 

Просмотров: 264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст