Текст
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері "Urkermitec" зияткерлік орталығы ұйымдастырған "ПРОФИ"техникалық мамандықтары бойынша Республикалық олимпиадаға белсенді қатысты. Олимпиаданың мақсаты: мамандарды даярлау сапасын анықтау, білім мен дағдыларды бекіту және тереңдету. Олимпиада келесі мамандықтар бойынша өткізілді: тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша).
Барлық қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды және олимпиадаға қатысқанын растайтын сертификаттарға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Колледж әдіскері Г. К. Азанова