«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» республикалық байқауына Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің МС-21, ДС-20-П тобының студенттері қатысты. Владимир Борисов «Патриотизм - ұлттық рухтың символы» тақырыбына, Руслан Саржанов «Рухани - мәдени мұра», Жұмабекова Гүлім «Ұлттық құндылықтар» тақырыбына эссе жазды. Бауқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, патриоттық сезім, азаматтық бірегейлікке тәрбиелеу.
Байқаудың міндеттері:шығармашылық, танымдық, зияткерлік игілікті, ашық және көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;білім алушыларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына тарту, Отанды танып білу; қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның ауқымдылығы мен басымдылығы сипатталған үздік туындыларды анықтау; білім алушылардың бойында патриотизм, ел тарихына қатыстылық сезімдерін қалыптастыру.
Студенттер ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. Оқытушылар Аяпбергенов Заиржан Жуматаевич пен Хамзина Каламкас Каримтаевна алғыс хаттармен марапатталды.
Колледж әдіскері Г. К. Азанова