АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту жағдайымен танысу мақсатында Көкшетау қаласына "ШАНС "мүгедектерді оңалту орталығы" ҚБ басшысы Василий Леонидович Шиманский және "Бірлік "Ақмола облысы мүгедектігі бар адамдар одағы"заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Рамазан Мұқатаев келді.

27.04.2022
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық параолимпиялық комитетінің Бас хатшысы Василий Шиманский бүгінде Қазақстанда қолжетімді орта құру, мүгедектерді қоғамға бейімдеу, оларды қол жетерлік еңбекпен қамтамасыз ету үшін көп нәрсе жасалуда деп санайды..."("Акмолинская правда" ).
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту жағдайымен танысу мақсатында Көкшетау қаласына "ШАНС "мүгедектерді оңалту орталығы" ҚБ басшысы Василий Леонидович Шиманский және "Бірлік "Ақмола облысы мүгедектігі бар адамдар одағы"заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Рамазан Мұқатаев келді.
Қонақтардың назарына ЕҚТА бар студенттерді оқытуға арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған кабинеттер ұсынылды:
Алфавит таңбаларында мәтіндік ақпаратты шығару үшін Брайль принтері бар, ал сипап сезу арқылы суреттер салу үшін студенттер Рiaf тактильді принтерін белсенді қолданады;
Портативті Брайль дисплейі Focus 40-Blue V 40 элемент (мәтіндік ақпаратты алты нүктелі Брайль алфавиті түрінде көрсетеді, 10 дана);           
Нашар көретіндерге ыңғайлы оқуға мүмкіндік беретін портативті электрондық бейнеүлкейткіш, 5 дана) ;
Aurica тасымалды индукциялық жүйесі-нашар еститін адамдарға арналған "Диалог" сымсыз FM-жүйесі (нашар еститін адамдардың түрлі іс-шараларға толық қатысуына кепілдік береді, 15 дана);      
Нашар еститіндерге арналған Aurica PH-50 индукциялық жүйесі (индукциялық ілмектерді күшейткіш, 8 дана).
Сапар барысында мүгедектер арбасын жөндеу және қызмет көрсету мәселелері бойынша Қоғаммен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды қайта даярлау мәселелері қаралды.
Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст