АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпыадамзаттық құндылықтар

28.06.2019

ДС-14 тобының кураторы И.А.Шарук

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" МКҚК

Бүгінгі таңда жастардың бойында бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру, оң бейнені қалыптастыру, өзінің бойындағы адамгершілік қасиеттерді бағалай білу өзекті мәселе болып табылады.

Осыған байланысты  2018 жылдың 23 қарашасында ДС-14 тобында "Жалпыадамзаттық құндылықтар"тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. 

         Кураторлық сағатта   студенттерге  Адам құндылықтары деген не? Сіз үшін не құнды?  деген сауалдар қойылды.  Іс-шара барысында балаларға әке баланың әр жаман әрекеті үшін бағанға шеге қағып, жақсы әрекет жасағанда  бағанадан шегені суырып алып тастап отырғандығы туралы өсиет әңгіме ұсынылды. Өсиет әңгімені оқығаннан кейін студенттер әкесінің тәрбиелеу тәсілінің  тиімділігін талқылады. Содан кейін оларға "Персей и медуза Гаргона" мультфильмін көру және оның кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талқылау ұсынылды.  Ата-бабаларымыз нені бағалады және олар қалдырған мақал-мәтелдер арқылы біз нені бағалаймыз? деген сияқты сұрақтарға жауап беру арқылы тарихи байланыс жүргізілді.  Кураторлық сағаттың келесі беті - құндылықтар аукционы. Студенттер рухани, материалдық және қоғамдық-саяси құндылықтардың басымдықтарын қойды.

Кураторлық сағатты дайындауға Голубь А., Руденко А., Неруш Н. қатысты.

Кураторлық сағаттың ерекшелігі  –  кураторлық сағат барысында оқытудың инновациялық әдістері: сұрақ-жауап, ситуациялық әдіс, миға шабуыл, ассоциограмм әдістерінің қолданылуы.  Кураторлық сағат соңында рефлексия жүргізілді, оның нәтижесі бойынша сабақтың мақсатына қол жеткізілгені анықталды.

Просмотров: 784


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст