АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қағаз ойындар

28.06.2019

 

Математика оқытушысы Шарук И. А.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі" МКҚК

         Осындай атаумен А-18 тобында математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара өтті.

         Сыныптан тыс іс-шара алдында үлкен дайындық жұмыстары  жүргізілді:  оригами мен кусудама техникасы негізінде фигуралар жасады, киригами техникасы негізінде сәулеттік жобалау жасады, қағаздан дресс кодқа арналған элементтер жасады және қағазбен фокустарды орындау техникасын үйренді.

         Жасаған жұмыстарынан  қолөнер көрмесін ұйымдастырды.

         Іс-шарада қатысушылар төрт топқа бөлінді. Топтар арасында қатысушылар ептілігі мен тапқырлығы бойынша жарысатын әр түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Барлық ұсынылған тапсырмаларды қағазбен немесе қағазда орындау керек болды. Байқау арасында алдын ала дайындалған білім алушылар әр түрлі фокустар жүргізіп, қағаз өнертабысының тарихи мәні туралы әңгіме өткізді.

         Іс-шара барлық қатысушылардың оригами техникасы негізінде қағаздан фигуралар жасау және сайыстар қорытындысын шығарумен  аяқталды.

Қарсыластықтың салауатты рухы, көңілді мерекелік көңіл-күй және қызықты тапсырмалар математикаға деген қызығушылық тудырды. Балалар бұрын алған білімдерін есіне алып, көптеген жаңа білім мен дағдыларды алды.  Іс-шара барысында пәнге, әсіресе өздерінің болашақ мамандығында қолдануға деген эмоционалдық қызығушылық болды.

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст