АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледждің құзыреттілік орталықтарында дайын өнімді шығаруға практикаға бағытталған оқыту

22.04.2022
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі басшысының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Нартай Ерназарұлы Ибраев Қарағанды жоғары политехникалық колледжі ұйымдастырған халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияның «Білімді ұлт»ұлттық жобасы-заманауи білім беру жүйесінің бағдары, кадрларды даярлау және қайта даярлау» секциясына қатысты.
Нартай Ерназарұлы колледждің құзыреттілік орталықтарында дайындалатын дайын өнім шығаруда тәжірибеге бағытталған оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, К-ЖТК студенттерінің Набережные Челны қаласындағы КАМАЗ КАҚ базасында кәсіби практикадан өтуі практикаға бағытталған оқытудың тиімділігін көрсетті.
"Машина жасау технологиясы" және "Икемді автоматты желілер" мамандығының 3 және 4 курс студенттері СББ машиналарында жұмыс істеу кезінде өздерінің практикалық дағдылары мен икемділіктерін көрсетті. СББ бар станоктардың операторлары, жөндеушілер және машинистер лауазымдарын атқарды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін оларға сертификаттар беріліп, еңбектері мен білімдері бағаланды!

 

 

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст