Текст
2022 жылдың 21 сәуірінен бастап Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің базасында «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша байқау басталады. Аталған құзыреттілікте үміткерлер 4 модуль бойынша сайысқа түседі:
Модуль А «Әйелдердің жиналған шаш үлгісі»;
Модуль В «Сақалды әсемдей отырып, ерлерге арналған ұзартылған креативті шаш қию» ;
Модуль С «Шашты бояу және сәндеумен әйелдердің коммерциялық шаш үлгісі»;
Модуль D « Шашты сәндеу және перманентті ерлердің шаш үлгісі».
Аталған құзыреттілік бойынша 6 қатысушы қатысады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!