Жол құрылысы бөлімінің Дс-15 тобында сайлауалды "Сайлау- әрбір қазақстан халқының міндеті" атты сабақтан тыс кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және де айқын азаматтық көзқарасты көрсету, Отан алдындағы сезім және өз ісіне жауап беру сияқты міндеттер кіреді. Қазақстан Республикасының кезектен тыс Елбасын сайлауы 9 маусымда өтеді. Елбасы тағына үміттенген 7 кандидат бар. Кураторлық сағат барысында студенттер кандидаттармен және де олардың сайлауалды бағдарламасымен танысты. Шынайы және де адал сайлау болуы әрбір азаматтың сауаттылығына байланысты. Белсенді азаматтық көзқарас жастық жаста таңдау жасынба қалыптасатыны рас. Бұл өмірде барлық жерде таңдаудан басталады ғой: достар, мамандық, өмірлік жар, іс әрекет осылардың бәрі таңдаудан тұрады. Өз тағдырыңды таңдау қиын болғанымен, бірақ сөз бүкіл мемлекеттің тағдырын таңдау одан да қиын болып табылады.