АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Автомобиль жолдарын және аэродромдарды салу»,»Ғимараттар мен үймереттерді салу» мамандықтары

10.06.2019

Құрметті талапкерлер! Қазір сіздердің әрқайсыңыздың  алдарыңызда үлкен  мақсат тұр:ол- болашақтағы мамандығыңызды таңдау.Бұл- өте маңызды да  жауапты жұмыс. Өйткені таңдаған мамандығыңыз сізге қуаныш  пен қанағат сезімін сыйлауы тиіс.Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледж сіздердің назарларыңызға  қазіргі уақытта сұранысқа ие болып отырған , еңдек нарығында болашағы  бар  мамандық түрлерін ұсынады. Бүгін сіздерге: жол құрылысы  бойынша «Автомобиль жолдарын және аэродромдарды салу»,»Ғимараттар мен үймереттерді салу» мамандықтарын  ұсынып отырмыз..Біздің колледж мамандары сіздерді:1) сәулет-құрылыс сызбаларын  ақпараттық технологиялар көмегіне сүйене отырып,  құрастыруды;2)құрылыс нысандарының жобасын құрастыруды;3)құрылыс алаңдарындағы дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мен оны  орындау жүйесін;4)Құрылыс нысандары бойынша  құрылыс- монтаж , жөндеу  және қайта құру  жұмыстарын ұйымдастырып,  орындауды;  5)атқарып отырған құрылыс жұмыстарының ,  құрылысқа жұмсалған материалдың көлемін өлшеп,  ол  бойынша есеп жүргізуді де  үйретеді.
Қазіргі таңда сапалы автомобиль жолының болуы және атқаратын қызметі өте маңызды. Автомобиль жолының сапалы болуы- елдің  дамығандығын , өркениеттігін көрсететін  аса маңызды көрсеткіш. Автомобиль жолдары құрылысын сапалы  жүргізу мен ұйымдастыру бойынша  білікті де білімді  мамандар әр заманда да қажет! Қорыта келе айтатын болсақ, сіз әрқашан жұмыспен қамтамасыз етілген боласыз.Өндірістің әр саласы үшін,сауда болсын,кәсіпорын үшін де ең қажеті- ол жақсы  салынған жол.Ол жолды өз уақытында жөндеу,   жол салудың технологиясын сақтай отырып  жүргізу-ел экономикасының  дамуына септігін тигізері сөзсіз! Біз сіздерді тегін, ешқандай төлемақысыз-ақ  осы аталған мамандықтар түрлеріне оқытып, үйретеміз. Мамандық  таңдау жолында  Сіздің  жақсы және дұрыс таңдау жасауыңызға тілектеспіз! Қош  келдіңіздер!

 

 

Просмотров: 758


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст