15.04.2022
Бүгін, 2022 жылғы 14 сәуірде Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжіне "Talap" КЕАҚ Президенті Ордабаев Олжас Темірбекұлы, "Talap" КЕАҚ Вице-президенті Татибеков Санжар Мейірханұлы, "Talap" КЕАҚ Президентінің кеңесшісі Бимендина Әсима Темкенқызы жұмыс сапарымен келді.
"Талап" КЕАҚ басшысы К-ЖТК базасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Талап" КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру" біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен кездесті. Біліктілікті арттыру курстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ТжКБ-да оқытуды дамыту және жақсарту бойынша қолданыстағы жобалар талқыланды.
WorldSkills Aqmola - 2022 аймақтық чемпионатын өткізу барысымен танысты.
"Жас Маман" жобасы бойынша жабдықталған К-ЖТК құзыреттілік орталықтарын аралады.
Ақмола облысының білім басқармасы мен әдістемелік кабинетінің өкілдерімен, колледж басшыларымен дөңгелек үстел өткізіліп, өңірдің ТжКБ жүйесінің проблемалық мәселелері талқыланды.