ДС-15 тобымен «Көкшетау Жолдары» ЖШС-тігіне саяхат.
Ғылыми Методикалық Бірлестігінің құрылыс негіздері апталығына орай ДС-15 тобымен «Көкшетау Жолдары» ЖШС-тігіне саяхат жасалды.
«Көкшетау Жолдары» ЖШС-тігі бәсекелеске сай, өніп өсіп келе жатқан мекеме болып табылады және де жол құрылыс облысында кеңдеген шикізат түрін өндіреді, қала өркендеуіне көптеген материалдар тасымалдайды.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Ақкөл, Щучинск, Көкшетау және Талшық, Айыртау, Тайыншы, Приишимье елдімекендеріндегі өзінің көмектес базалары арқылы келесі жұмыс түрлерін ұсынады:
Зертханада болдық; пенетрометр, дуктилометр, вискозиметр ВУБ-Ф1, ВИКА құрылғысы сияқты құралдармен таныстық; тұқымның сығымдалуын тексердік; қиыршық тастың қылшақтығын тексердік; көптеген арнайы жабдықтарды көрдік олардың ішінде әртүрлі каток, автогудронаторлар, автогрейдерлер және асфальтсалғыштар бар. Және де темірбетон жабдықтарын жасайтын зауытта болдық, темірбетон блоктарының дайындалу барысын тамашаладық. Сосын асфальтбетон зауытына бардық. «Көкшетау Жолдары» ЖШС-тігінде 2 асфальтбетон зауыты бар, олардың бірі Ирандық екіншісі Кореялық зауыттары, олардың жұмыс барысын қадағаладық, айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтадық, бір сағатта неше шикізат өндіретінін білдік. Студенттер таңдаған мамандықтарымен жақын танысты, жол құрылыс материалдары, жол құрылыс техникасы және де жасанды құрылыс пен көпірлері жайлы көп мәліметтерді білді. Саяхатымыз өте қызықты және де көңілді өтті. «Көкшетау Жолдары» ЖШС-тігіне жол құрылысы мамандығын терең зерттеуге ұсынған мүмкіндігі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.