АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрылыс мамандығы туралы

31.05.2019

Құрылыс мамандығы – бұл қоғамға үлкен пайда әкелетін, адамдардың еңбектері материалдық тұрғыда орын алатын мамандықтардың бірі.

Бала кезімізден бастап баршамыз құрылыспен айналысамыз, бәлкім бұл біздің санамызда қалыптасқан болар. Естеріңізде ме, құмнан жасалған алғашқы сарайлар, өзеннен өту үшін көпірлер, жаңбырдан қорғану үшін аулада арнайы үйшіктер жасаушы едік қой.

Бұл бала кезіндегі ойындар кейбір жандарға тек балалықтан естелік болып қалса, ал кейбір адамдар құрылысты өмір бойы айналысатын аса қадірлі мамандық ретінде таңдайды.

«Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша жол-құрылыс мамандығының бөлімінде 140 студент білім алуда. Ағымды оқу жылы 20 түлекке «Ғимараттар мен үймереттерді салу және пайдаланудың қолданбалы бакалавры» біліктілігімен диплом табысталады.

Диплом жобасын қорғау алдында ТС-14 тобының студенттері диплом жобасын орындау үшін және кәсіби қызметтерінің объектілерінде негізгі өндірістік үдерістерді орындау бойынша қажетті материалдарды алу мақсатында диплом алды тәжірибелерден өтті. 

Студенттер «Регион Строй» ЖШС, «Dir-проект строй» ЖШС,  «Евростройсервис-Кокше» ЖШС, «СП Интегра» ЖШС, «NAIZAАрхпроект» ЖШС, «Консул» ЖШС және т.б. құрылыс ұйымдарында тәжірибеден өтті.

Қазіргі таңда түлектер диплом жобалары бойынша еңбек етуде. Диплом жобаларының тақырыптары алуан және өте қызықты: мектеп, балабақшалар, әкімшілік ғимараттардың, тұрғылықты үйлердің, емханалардың, сауда, көрме орталықтарының және т.б. құрылысы. 

Студенттер диплом жобаларын орындау барысында жаңа көзқараспен қарап, шығармашылық тұрғыда, әрі құрылыстың соңғы заманауи әдістерін қолданады деп сенеміз. Оларға диплом жобаларын табысты қорғап, болашақта өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылуына тілектеспіз!

 

 

 

 

Просмотров: 756


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст