АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог-2019» кәсіби шеберліктің кезекті облыстық конкурсы

24.05.2019

 

 

 

2019 жылдың  22-23 мамыр күндері Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардағы педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» кәсіби шеберліктің кезекті облыстық конкурсы өтті. Конкурстың басты мақсаты – шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін, дарынды педагогтарды, студенттердің жоғары білімін қамтамасыз ететін тиімді педагогикалық технологияларды анықтау және арттыру болып табылады. Конкурсқа педагогикалық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен 18 педагог қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледж» МКҚК атынан кәсіби ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Марина Вачугова қатысты. Конкурстық іс-шара 5 кезеңнен құрылды:

  1. «Менің кәсіби ұстанымым» өзін-өзі презентациялау;
  2. Мастер-сабақ (сабақтан үзінді);
  3. «Педагогтың шығармашылық зертханасы» көрмесі;
  4. Педагогтың Портфолиосын бағалау;
  5. Педагогтың эссесін бағалау;

«Үздік педагог-2019» облыстық конкурстың қорытындысы бойынша Вачугова Марина Викторовна «Көшбасшы педагог» номинациясына ие болып, грамотамен марапатталды.

Құттықтаймыз!!!

 

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст