АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мереке ұлы батырларға арналады

13.05.2019

Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласы , Жоғары техникалық колледжінде «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жалынды әндер» байқауы өтті. .Іс- шараның мақсаты- студенттерге Ұлы Отан Соғысы жылдарында елін, жерін қорғау жолында өмірлерін қиып, жан аямай күрескен батыр азаматтар ерлігін үлгі ете отырып, олардың бойында  туған жерге деген сүйіспеншілік сезім  тәрбиелеу.Байқауға дайындық барысында әр әннің мәні мен мағынасына, сонымен қатар  ол әндер соғыс жылдары  туған ел  мен жерді неміс басқыншыларынан  қорғаған ер- азаматтарға рух беріп, алға жетелеп, дем бергендігіне де мән берілді. Жалпы іс-шара   патриоттық  сезімге, Отанға деген жалынды жүрек жарды әндерге  толы болды.Қазақтың батыр қызы Әлия кейпіне кірген ТС-17 тобының студенті Ахметқұл Ақбота,ТМ-15, З-ТМК,З ПСК-17,ОПИ-17,З-ТМ-18-9 тобының студенттері  әскери әндерді орындап қана қоймай, асқан жауапкершілік танытып,ол әндер бойынша соғыс кезіндегі оқиғаларды  тамаша  бейнелеп, ел қорғаушы азаматтар  образына еніп, қойылым ретінде көрсете алды. Іс-шара «Жеңіс күні» әнін оқытушылар мен студенттердің ұйымдасқан түрде орындалуымен аяқталды.

Есентурова Б.С.

                                                                                                                                Жакиенова Э.Б.

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст