Ерікті ұлттық шолуды талқылау және орнықты даму мақсаттарының басым міндеттерін айқындауға арналған бүгінгі семинарға жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, жеке сектор өкілдері, сондай-ақ Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.
ОДМ-ның басым міндеттерін айқындау мониторингтің инновациялық тиімді тәсілдемесімен «Миссия 2030» іскерлік ойыны арқылы жүзеге асырылды.
Ойын жоспары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ планетаны қорғауға және бүкіл әлем халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер мен көрсеткіштерден тұрды. Бұл ойын әр қатысушыға жаһандық экологиялық проблемаларды сезініп қана қоймай, жергілікті деңгейде тұрақты дамудың басым мақсаттары мен міндеттерін анықтауға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.
К-ЖТК студенттері колледж қабырғасында «жасыл экономиканы» жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелерімен және перспективалық жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ бүгінгі іскерлік ойынында «жаңа идеялардан қуат алды»!
Аталмыш іс-шараның қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар біздің өңір үшін басым проблемаларды анықтап, Көкшетау қаласы жастарының зияткерлік әлеуетін аша түсті.
Біз семинар модераторы Экономикалық зерттеулер институты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне осы іс-шараны ұйымдастырғаны және іскерлік ойыны кезінде алған жағымды эмоциялар үшін алғысымызды білдіреміз!