АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мы ЛУЧШИЙ КОЛЛЕДЖ нашей страны!

02.05.2019

Сізде үлкен армандар мен амбициялық жоспарлар бар ма?! Ендеше бізге келіңіз! Біз – ЕЛІМІЗДЕГІ 10 ҮЗДІК КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ БІРІМІЗ! Біздің еліміздің басты құндылығы мұнай және газ емес, біздің КОЛЛЕДЖДІҢ ТҮЛЕКТЕРІ, БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР!

Болашақ бүгінгі күннің нақты іс-әрекеттерінен басталады: сондықтан, «Кәсіпқор» КЕАҚ жүргізілген рейтингісінің қорытындысы бойынша, Қазақстандағы колледждердің жұмысын бағалауға және ТжКБ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін, қосымша ынталандыруды қалыптастыру мақсатында «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК құрметті 2-ші орынға ие болды, ал республиканың техникалық колледждерінің арасында БІРІНШІ орынды иеленді!

Біз Қазақстан Республикасындағы 270 колледждің үздік ондығына кіреміз. Бұл біздің күн сайын өзгеріп, дамып жатқанымыздың жемісі!

2019 жылы байқауының қорытындысы бойынша Ақмола облысының ТжКБ үздік ұйымы ретінде «Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледж» 34 млн. теңге көлемінде грант ұтып алды.

Біздің колледж 13 мамандық бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті.

Біз Көкшетау және Ақмола облысының ірі кәсіпорындарымен, яғни «Тыныс» АҚ, «Камаз Инжиниринг» АҚ, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Казахстанская АГРО Инновационная Корпорация» ЖШС, «Алау Строй» ЖШС, «Көкшетау жолдары» ЖШС, «Камаз Сервис орталығы» ЖШС, «ENKI» ЖШС, «РегионСтрой» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз.

Әлеуметтік әріптестердің тапсырыстары бойынша біздің оқу орнымыздың оқу-өндірістік шеберханалары Ақмола облысының кәсіпорындары үшін, айта кетсек «Регион строй» ЖШС, «Казахстанская АГРО Инновационная Корпорация» ЖШС, «Тыныс» АҚ және т.б. кәсіпорындардың тапсырыстарын орындайды.

Сондай-ақ, БІЗ республикалық және халықаралық алаңдардың ЧЕМПИОНДАРЫМЫЗ.

Біздің студенттер «Жас мамандар» шеңберінде Ресей Федерациясы Краснодар қ.өткен  WSK достастық елдерінің арасында бірінші Еуразиялық ашық чемпионатының жеңімпаздары, БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР- WorldSkills Қазақстан чемпиондары және 2018 жылғы Казань қ.өткен DigitalSkills қатысушылары. Сондай-ақ біздің колледждің өкілдері 2019 жылдың тамыз айында өтетін WorldSkillsInternational халықаралық қозғалысының қатысушылары болып табылады.

2017 жылы 3 шілдеде Астана қаласында Финляндияның ESEDU колледжі мен Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл көрсеткіштер - білім беру үрдісін ұйымдастырудағы табысты шығармашылық жұмыстардың нәтижесі, әр түрлі байқаулардағы оқытушылар мен студенттердің, әлеуметтік әріптестікті дамыту және түлектерді жұмысқа орналастырудағы жетістіктері. БІЗ ДҰРЫС ЖОЛДАМЫЗ!

 

 

Просмотров: 788


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст