АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәжірибемен бөлісу

05.04.2022

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қарым-қатынас жасай білу қабілетімен байланысты адамдар арасындағы өзара қатынас мәселесі өзекті болып табылады. Мұндай қиындықтардың қайнар көзі – жақыныңды түсінгің келмеу.
4 сәуір күні технологиялық пәндер оқу әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Ләззат Болатқызы Тлеубекова «Оқытушылар мен студенттердің өзара тиімді әрекет етуінің резервтері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Дәл осындай іс-шара мұғалімдерге өз мақсаттарын жүзеге асыруға, жеке маңызды ұғымдарды, жағдайларды сезінуге, жаңа өмірлік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. 
   Шеберлік сыныбы қарым-қатынас құзыреттілігін дамыту мақсатында топтық жұмыстың белсенді әдістерін пайдалануға бағытталды.Негізгі әдістер топтық талқылау және рөлдік ойындар болды.
    Мұғалімдер оқытушылар мен студенттердің өзара тиімді әрекет ету жағдайындағы өздерінің кәсіби білімдері және құпияларымен бөлісті. Жас оқытушылар шеберлік сабағына белсенді қатысып, тапқырлық пен ептіліктерін танытты. Кері байланыс кезінде іс-шараға қатысушылар жағымды әсерлерімен бөлісті. Шеберлік сыныбы қызықты, танымды және нәтижелі өтті!

Оқытушылар: Л. Тлеубекова, С. Мұхаметжанова

Просмотров: 687


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст