АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Физика бойынша сабақтан тыс өткізілген іс-шара

30.04.2019

Оқу пәніне деген қызығушылықты дамытуда сабақта оқитын материалдың мазмұнына ғана толығымен сүйенуге болмайды. Сабақтан тыс жұмыс, қосымша қызмет қажет. Егер студенттер белсенді қызметке тартылмаса, онда кез-келген мазмұнды материал пәнге тек сырттай қызығушылықты тудырады. Осы мәселені  шешу үшін сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыс бар. Сыныптан тыс іс-шаралар сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, пәнге қызығушылықтарын арттырады. Сыныптан тыс іс-шаралар оқытушыға тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін жақсырақ білуге, олардың арасында дарынды, оқитын пәнге қызығушылық танытатын оқушыларды анықтауға көмектеседі және оқытушы осы қызығушылықты жан-жақты дамуытуға бағыттайды. Жұмыс тәжірибиемде физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың түрлі нысандарын қолданамын: «Физикалық құбылыстар айналамызда» викториналарын, рефераттар және зерттеу жобалары байқауларын, еліктіретін тәжірибелер сағатын, «Физика менің болашақ мамандығымда» презентациялар байқауын және т.б.  өткіземін.  Колледжде жаратылыстану – математикалық циклі апалығының шеңберінде өткізілген интеллектуалды «Соңғы қаһарман» ойынының мақсаты оқитын пәнге деген қызығушылықты арттыру, білімділіктер мен дағдыларды жалпылау және жүйелеу, оларды тәжірибеде қолдана білу, танымдық қызығушылықты, логикалық ойлауды және зерделеуді дамыту, сайыс рухына, жауапкершілікке, өз бетінше шешім қабылдауға тәрбиелеу болып табылды. Әр кезеңнің тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін студенттерге физика бойынша теориялық білімділіктер қажет болды. Ойынның «экстремалдық» шартарын қабылдап, «Соңғы қаһарман» атануға уәждемеленген командалар тапсырмаларды электродинамика, магнит өрісі, электромагниттік индукция заңы негіздерін қолданып орындады. Мира Темиргалиева, Протасова Дарья, Быченко Николай, Чисовских Владимир, Жуматова Диана, Гарифуллина Гульмира, Жумабай Дильназ тек физика бойынша теориялық білімділіктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар командада жұмыс істей білуді, қажетті жағдайда өзіне жауапкершілік жүктей алатындарын көрсетті.  Ойын жақсы өтті, бірақ оқытушы ретінде сабақта қандай теория сұрақтары қайталауды талап ететінін белгіледім, студенттердің сабақта және сабақтан тыс қызметінде өзіндік жұмыстарына көбірек көңіл бөлу қажет деген шешім қабылдадым.

  

   М. Тастембекова, физика пәнінің оқытушысы

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст