01.04.2022
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің сервистік-технологиялық пәндер оқу-әдістемелік бірлестігінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері түрлі ашық және танымдық іс-шараларын өткізді.
Шеберлік сыныбы – бұл педагогтердің біліктілігін арттырудың бір түрі, нақты әдістемелік тәсілді немесе әдісті, оқыту әдістемесін, оқыту және тәрбиелеу технологиясын көрсететін педагогикалық тәжірибені трансляциялаудың локальды технологиясы.
Өндірістік оқыту шебері-жұмысшы мамандығына оқытатын негізгі педагог. Шеберге қойылатын ең маңызды талап-оның кәсібилігі. Нақты білім мен дағдыларды, өндірістік және өмірлік тәжірибені өз оқушыларына кәсіби шеберлікті жетік меңгерген шебер ғана бере алады. Білім алушы өз саласының нағыз маманы үйретіп жатқанын сезінгенде ғана шебердің ықпалы нәтижелі болады. Студенттер үшін шебер - ең алдымен, таңдалған мамандықтың өкілі, еліктеу үлгісі іспеттес. Олар әрқашан өздерінің жетістіктерін, мамандықты игерудегі күш-жігерін оның шеберлігімен салыстырады. Шебердің кәсіби шеберлігі тек бағдарлама шеңберімен шектелмейді, оның білімі мен дағдылары әлдеқайда кең және терең болуы керек.
Шеберлік сыныптарын кәсіби құзыреттілікті жетік меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері көрсетті. Л.А.Гапоненко «Тігін өндірісі» - Түйінді өңдеу, О.Д.Корчевная «Тігін өндірісі» - Матадан гүл жасау, А.Новицкая «Шаштараз өнері және сәндік косметика» - Классикалық әйелдер шаш үлгісі, В.И.Оберемко «Шаштараз өнері және сәндік косметика» - Постижерлік жұмыстарды жасау, А.Н.Садуова «Шаштараз өнері және сәндік косметика» - Дарсонваль токтарын қолдана отырып, бетке күтім жасау бағдарламасы, А.И.Козлова «Шаштараз өнері және сәндік косметика» - «Әйелдер шаштары. Көп қабатты градуирленген каскад», Б.Б.Жетписбаева «Шаштараз өнері және сәндік косметика» - Ерлердің шаштарын шаш кептіргішпен сәндеу, А.К.Булхаирова «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» - Драперлеуді үлгілеу.
Іс-шаралар циклі мұғалімдердің деңгейін көрсетіп қана қоймай, студенттердің ақпараттық өрісін жаңа біліммен толықтыруға мүмкіндік берді: тарихтан қазіргі заманға дейінгі сән және сұлулық индустриясы. Сонымен қатар, студенттер жаңа дағдыларды игеруде белсенділік пен қызығушылық танытып, өз мүмкіндіктерін сынады.
Сервистік - технологиялық пәндер ОӘБ төрайымы Садуова А. Н.
