Текст
28 наурызда Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған Ерлік сабағы өткізілді. ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы атынан тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің аға офицері, полковник Б.Ж.Жақыпов, ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаментінің өкілі, полковник Г.А.Артықов әскери қызмет тәжірибесімен бөлісіп, колледж студенттеріне Отан қорғаушының жоғары миссиясы, бүгінгі армияның артықшылықтары туралы айтып берді.