АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен таңдаған мамандық

17.04.2019

 

                                                                                                                                                                                                                                           «Игі бастың бастауы – өнімді істің ортасы»

         Платон                                                                                

Тұлғаның қоғамда өз орнын табуы, әлеуметтенуі болашақ мамандығын қателеспей табуынан басталады.  Ата-бабамыз артына «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек:  мамандық пен жар таңдаудан» деп өсиет қалдырған болатын. Мамандық таңдау – үлкен өмірге қадам басудағы маңызды шешім болып табылады. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қаншалықты дамығанымен, қай мемлекетте болсын машина жасау өнеркәсіптік өндірісін дамыту алдыңғы қатардағы міндеттердің бірі.  Бұл саланың мамандары қашанда нарықта өте қажет болып табылады.  Машина жасау саласының түлектері тек қана осы саланың білім, біліктілік дағдыларын ғана қалыптастырап қоймай,  қоғамда өзін  әлеуметтік және кәсіби тұрғыда тұлғалық дамыту қасиеттерін игеру қажет. Мұндай мәселені ең алдыңғы қатарға қойып, оның шешімін жолға қойып беретін  – ол қаламыздың білікті мамандар даярлайтын беделді оқу орындарының бірі, Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі болып табылады. Енді бұған  кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында шақырылған қонақтарымыз - Көкшетау қаласының  № 1 орта мектебінің 9 сынып түлектері де өз көздерін жеткізді.

Математика пәнінің мұғалімі Бекмагамбетова З.К.

Просмотров: 417


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст