АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Оқитын колледж " акциясы

31.03.2022

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары Калкишев Н.Г., Таттыбаева А.Б., Садвакасова А.А., Тулепова А.А. ұйымдастыруымен «Оқитын колледж» акциясы аясында Ұлы жазушы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ойы - кемел, қаламы -шебер» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шараға Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, қалалық аппараттық кітапхана жүйесінің басшысы Қуаныш Ерғалиұлы Оспан, М. Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана қызметкерлері шақырылды және тыңдарман ретінде ТС-19, ТМ-18, З-ТМ-19-К, УА-21-1 ТЭМ-21-К, ТС-21 топтарының студенттері қатысты.

Қуаныш Оспан өз сөзінде өзінің ана, отан, махаббат тақырыбындағы өлеңдерін оқып, жастарға кітап оқудың маңыздылығы туралы ой бөліссе, кітапхана қызметкерлері Ғ.М.Мүсірепов кітаптарының көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттерге қазақ әдебиетінің биік белеске шығуына үлкен үлес қосқан жазушы туралы мағлұмат беріліп, шығармаларына талдау жасалды. Колледж студенттері өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы ой бөлісті. МВТ-19 студенті Азамат Ұлан «Автобиографиялық әңгіме», А-20 тобы студенті Карбаева Салтанат «Ашынған ана», ТМ-18 тобы студенті Қуанышпаев Айдар «Әмина», МС-20 тобы студентері Бүркіт Әлихан, Фазылжанов Нұрболат «Ананың анасы», УА-20 тобының студенттері Құнанбаева Әлия «Өлімді жеңген ана», Байжолова Айдана «Ақлима» шығармаларының қысқаша мазмұнын баяндап берді.

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст