АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әрбір бөлшектен керемет дүние туады...

31.03.2022

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің сервистік-технологиялық пәндер оқу-әдістемелік бірлестігінің ашық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2-курс тігіншілер тобында «Бұйымды түйіндік өңдеу» ауқымды және қызықты тақырыбының фрагменті ретінде «Жасырын ілгек» практикалық көрсетілімі өткізілді.     
Мен тігіншілерді кәсіби даярлаудың алғашқы күнінен бастап, оларға біздің ісімізде ұсақ-түйек нәрсе жоқ, әрбір бөлшектен керемет дүние туады дегенді жиі айтамын.
 Өйткені, біз тігетін кез-келген бұйым көптеген бөліктерден, тігістерден, фрагменттерден, түйіндерден тұратын тірі организм сияқты. Мұның бәрі функционалды, ыңғайлы және әдемі болуы үшін өте жақсы жасалуы керек. Студенттер бойында кәсіби құзыреттерді қалыптастыра отырып, тігіншілік ісіміздегі шығармашылық бөлікке баса назар аударамын. Шығармашылық студенттердің назарын еңбек объектісіне, біздің жағдайда модельге және ең бастысы өзінің шығармашылық идеясын жүзеге асыру процесіне аударады. Бірақ шығармашылық дегеніміз нәзік гүл сияқты, үнемі күтімді, көңіл аударуды, дамуды және жетілдіруді қажет етеді. Сән үрдістерін қадағалап қана қоймай, оларды өз тәжірибеңе енгізу қажет. Біздің мамандығымыздың тағы бір ерекшелігі – өнімнің фрагментімен жұмыс жасау барысында шығармашылық таныту және бұл фрагменттің бұйымға қаншалықты сәйкес келетіндігін, сол жерде өзінің лайықты орнын алатындығын көру.    
Қажетті ұсынымдарды алып болған соң, практикалық көрсетілімге қатысушылар өз жұмыстарына кірісті. Пішім бөлшектерін кесу, ілмектерді белгілеу,біріктіру және одан әрі кәсіби операциялар алгоритмі бойынша барлық процесс қатысушыларды баурап алғаны сонша, уақыт қас-қағым сәтте өтіп, дайын жұмыстар талқылауға және бағалауға ұсынылды.
 Қатысушылардың көзтігіп қараған жүздерін, нық қимыл-қозғалыстарын көрген сәтте, мұның бәрі өзіңнің педагогикалық күш-жігеріңнің нәтижесі екендігін, ертеңгі күні адамдарға сәнді де сұлу, өз стиліне ие болуға көмектесу сияқты керемет миссияны орындайтын жаңа шеберлер дүниеге келгенін түсінесің. 
Әрине, шамалы лирикаға жол бердік, дегенмен, бұл еңбегіңнің нәтижесін көргенде бөленетін ерекше сезім.Біз әлі де студенттермен бірге сұлулық индустриясының таңғажайып әлемінің құпияларын білетін боламыз.

Лидия Гапоненко, өндірістік оқыту шебері.

 

Просмотров: 498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст