АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ГҮЛДЕР – КӨКТЕМ, ЖЫЛУЛЫҚ ПЕН НӘЗІКТІКТІҢ БЕЛГІСІ

29.03.2022
Шуағын төккен көктем... Жабырқаған жанға жылулық сыйлайтын көктем...  
Сервистік-технологиялық пәндер оқу әдістемелік бірлестігінің ИПҚ ашық іс-шаралары шеңберінде ұйымдастырылған «Матадан гүлдер дайындау» шеберлік сыныбы Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің тігін өндірісі оқу-өндірістік шеберханасына  көктем  шуағын төкті. 
Тоқыма декоры стильді, әрі ерекше ғана емес, оны жасау қажет болған жағдайда тіпті дилетанттардың да қолынан келеді. Жеңіл, оңай жолдарды іздемейтін ЗПУ-20 тобының студенттері габаринмен, атласпен және т.б. үйлесімде жеңіл салмақсыз маталардан кемпірқосақ түсті бояуын жасады.
 Гүлдер әртүрлі техникада орындалады:
- тігу 
- канзаши
-косого
- ганутель
- гильширлеу.
  Осы әдістердің бейнешолуын қарап шығып, классиканы – тігуді таңдадық. Біздің бірлескен шығармашылығымыздың фавориті – нәзік пион болды. Техника бір, ал гүлдер әр түрлі болып шықты: түсі, пішіні, тіпті табиғаты жағынан (иә, ол автордан өнімге беріледі). 
Кәсіби егжей-тегжейге сараламай-ақ, өзім шеберлік сабағына қатысушылар тек шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық көзқарастарының тұтас шоғырын, өздерінің кәсіби қолжазбаларын көрсеткенін байқадым. Өз өнімдерін таныстыра отырып, қыздар матадан жасалған гүлдердің қолдану аясы туралы айтып өтті: 
- көйлектерді, костюмдерді безендіру
- шаш қыстырғыштар, брошкалар
- панельдер, коллаждар
- перделерді безендіру
- шашты безендіру үшін
- фотозоналар, банкет залдарын безендіру 
- интерьер декоры ретінде  
Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Ең бастысы, матадан жасалған гүлдер – бұл әрқашан сізбен бірге болатын көктем! 
«Гүлдер-көктем, жылулық пен нәзіктіктің белгісі...»
Өндірістік оқыту шебері Корчевная О.Д. 

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст