Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.
25 наурыз күні Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» іс-шарасы өткізіліп, оған ДС 20-П, ТЭМ-21К топтарының студенттері қатысты.
Кеш қонақтары М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы Назира Әділбекқызы Ташкенова «Қазақ әліпбиінің атасы» көрмесімен таныстырса, бөлім қызметкері Зейнелқабден Ұлан Батырханұлы А.Байтұрсынұлының шығармашылығына тоқталды.
ДС 20-П тобының студенттері Абдикаримова Диана мен Платонова Анастасия ақын аудармаларын нақышына келтіре оқыса, «Екі жирен» әні кешті ажарландыра түсті. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне виртуалды экскурсия жасалып, студенттер ақын өмірі мен қазақ қоғамына қосқан үлесі жөнінде мағлұмат алды.
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Хамзина К. К.