АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

24.03.2022

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде 18 наурыз күні Наурыз  мерекесіне арналған іс-шаралар 4 оқу ғимараты мен 2 студенттік жатақханада өткізілді.

Инженерлік-педагогикалық ұжым мен студенттердің ұйымдастыруымен өткен  мереке жаңа серпінге ие болды.

Бірінші корпус «кішкентай ауыл» ретінде есігін айқара ашып, келген қонақтар мен студенттерге бауырсақ, наурыз көжеден дәм татқызып, қонақжайлылық танытты.  Студенттер түрлі ұлттық костюмдерде ән шырқап, би биледі, «Бесікке салу» салт-дәстүрін көрсетті. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, Қыдыр ата  батасын берді. 

Мереке өте қызықты, көңілді өтті. Тәрбиелік мәні зор іс-шара балалар мен қонақтардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Кәсіподақ ұйымының шешімімен №1оқу корпусы үздік деп танылып, жүлделі I орынға ие болды  және 20 000 теңге ақшалай сертификатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары К. М. Алиева

 

Просмотров: 182


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст