Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 15 наурыз күні Көкшетау қаласы колледждерінің студенттері арасында волейболдан турнирдің ашылу салтанаты өтті. Спорттық мерекені ұйымдастырушы – Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі.
Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің кубогы үшін қаламыздың 6 командасы сайысқа түседі:
- Жанайдар Мусин атындағы Қазақ жоғары педагогикалық колледжі;
- Агротехникалық колледжі , Красный Яр ауылы;
- Құрылыс-техникалық колледжі, Көкшетау қаласы;
- Азаматтық қорғау жоғары колледжі, Көкшетау қаласы;
- Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, Көкшетау қаласы;
- Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі.
Турнирдің мақсаты: бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру; патриотизмге тәрбиелеу, үздік командаларды анықтау; студенттер арасында волейболды танымал ету.
Колледж басшысы А.К.Еслямова студенттерге құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін білдірді.
«Жастар думаны» би ұжымы флешмоб ұсынды. 17 наурызда турнир қорытындысы шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталады.
Әділ күресте мықтылардың жеңіске жетуіне тілектеспіз!
Басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары К. М. Алиева