АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эникей-бастаушы жүйелік администратор

15.03.2022

Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде IT бағытының ОӘБ пән апталығы «Эникей-бастаушы жүйелік администратор» байқауынан басталды.  
Арнайы пәндер оқытушысы О.О.Хамзиннің айтуынша, эникейдің басты міндеті — желілер мен жүйелердің тоқтаусыз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Байқаудың міндеті операциялық жүйелер мен желілік жабдықтарды дұрыс жобалау, ақаулықтарды іздеу және жою, монтаждау, конфигурацияларды баптау және жаңарту болып табылды.
Тапсырма екі модульден тұрды:
 Модуль 1 – Cisco жабдығы негізінде желілік инфрақұрылымды баптау;
Аталған модульдің мақсаты – Cisco жабдығы негізінде желілік инфрақұрылымды баптау дағдыларын көрсету. 
Модуль 2 – Windows негізіндегі желіні орнату.
Модульдің мақсаты –Windows жүйесінің заманауи желілік жабдықтары мен операциялық жүйелеріне негізделген желілік инфрақұрылымды іске қосу жұмыстары болып табылды. 
      Байқау қатысушыларға өздерін танытуға, тәжірибе алмасуға, баға жетпес бәсекелестік тәжірибе мен әлеуетін ашуға мүмкіндік берді.
  Қажырлы күресте студенттер өз шеберліктерін көрсетіп, тапсырмаларды орындау барысында асқан жауапкершілік танытты.Байқау қорытындысы бойынша ВТ-21-П тобының студенті - Первова Мария жеңімпаз атанды, жүлделі екінші орынды МВТ-19 тобының студенті Нұрадин Нұрлыбек және ВТ-20-11 тобының студенті Скрипник Денис иеленді.
Құттықтаймыз! Бұдан да үлкен жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст