«Үкілі Ыбырай» атындағы Ақмола облылыстық филармониясына барып У. Шекспирдің «Ромео және Джулетта» көрінісін көріп, рухани демалып келдік. Театр қойылымын М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрынан гастрольдік сапармен Астана қаласынан келген жастар қауімі құрады.
Театр — адамның рухани демалып, басқа бар әлемге шағын саяхат жасауына ықпал ететін мәдени орын демекші студенттеріміз сахналық көріністен үлкен әсер алды. Екі сағатқа созылған көрініс көрерменнің көңілін баурап алды. Театрға құрылысшы мамандары студенттерімен бірге мұғалімдер барып кешкі бос уақытымызды жақсы өткіздік.
Автор: Даулетова Ж.С.