АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ахмет Байтұрсынов – Алаштың ардақты азаматы

14.03.2022

Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шокимова Асем Мажитқызы  Опи-21 тобымен  және басқа топ студенттермен қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым,ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда  өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдық мерейтойына орай  сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, аудармашы, публицист, педагог, қоғам қайраткері.

Бұл іс-шарада Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлының  Алаш тарихындағы жасаған еңбектері  туралы тарих пәнінің оқытушы Өмірбек Арыстанғалиұлы  студенттерге  мағлұмат берді. Асем Мажитқызы өмірі мен шығармашылығы туралы тоқталып өтті. ТТ-21 тобында оқитын Койкен Асылжан қанатты сөздерін жатқа айтып берді. Опи-21 тобында  оқитын студенттер  Ақтан Саят, Жұматай Ниет, Магзамов Ильяс  өлеңдері жатқа оқып берді. ДС-21 тобында оқитын  Мақтым Әсет  ән шашуына күй орындап берді. Міне, қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ең ірі, ең беделді өкілі. Қазақ үшін қасиетті есімді ешқашан ұмытпауымыз керек.   

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шокимова А.М.

 

 

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст