АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті 2022 жылғы түлектер мен талапкерлердің ата-аналары!

14.03.2022

Бірнеше айдан соң балаларыңыз қолына аттестат алып, өмірлеріндегі жауапты әрі маңызды кезеңге аяқ басады, ол – кәсіптік білім алу үшін мамандық пен оқу орнын таңдау. Осы кезеңде көп нәрсе сіздерге байланысты болады. Қызмет бабына орай, бітіруші сынып оқушыларымен жиі кездесемін, сондықтан бүгінгі күні осы оқушылардың 80-90%-ы өздерінің болашақ мамандықтары туралы білмейді немесе бұл туралы ойланбаған, үлкендер тарапынан қолдау таппаған деп айта аламын, яғни бұл маңызды таңдауды шешуге оның ата-анасы үлкен әсер етеді немесе бала үшін таңдау жасайды.

Көбінесе ата-аналар жасөспірімге маңызды шешім қабылдауға жол бермейді. Үлкендердің ізгі ақыл-кеңестері пайдалы болса, үзілді-кесілді тыйым салулары мен белгіленген нұсқаулықтары зиян тигізуі мүмкін.Көптеген балаларға ересектердің жасаған таңдауына келісіп, олардың көмегін қабылдау оңайырақ соғады. Бірақ «таяқтың астынан» оқу, содан кейін ұнатпайтын мамандық бойынша жұмыс істеу – ішкі дағдарысқа, тіпті депрессияға апаратын жол.  

Бұл ақпараттан ата-аналардың жасөспірім болашақта өзін не нәрсеге арнайтынын ерте түсінген кезде уақытын жоғалтпай, пәндерді тереңдетіп оқуға және таңдаған сүйікті мамандығына түсуге және оқуға пайдалы дағдыларды игеруге кірісетінін түсінгені қажет.   

Жанға жайлы жұмыс – өзін-өзі дамытуға және мансаптық өсуге ынталандырады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ү.ж. 11 наурызында Зеренді ауданының Қызылсая, Бірлестік, Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдардың жалпы білім беретін мектептерінде оқитын бітіруші сынып оқушыларымен диалог форматында кездесулер өтті. Балалар Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі (К-ЖТК) туралы толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

     К-ЖТК туралы толық ақпарат алу үшін http://pt0008.kokshetau.akmoedu.kz колледж сайтына кіруге немесе 8 747 859 15 30 нөміріне хабарласуға болады (кәсіби бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Қайыркенұлы Ибраев).

 

 

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст