«Егер адамның өмірінде тағдырлы нәрсе болса, ол – мамандық таңдау»
Н. Г.Чернышевский-орыс публицисті, жазушы, демократ.
Адамның мамандық таңдауы оның болашақ тағдырын айқындайды. Жұмыс істейтін адамдардың жартысына жуығының өмірге қанағаттанбауы кәсіби қызметті дұрыс таңдамағанымен байланысты екені белгілі. Бұл мәселенің шешімі көбінесе жасөспірімдердің, ата-аналардың таңдаған мамандық туралы хабардар болу деңгейімен анықталады. Ақпаратты мүдделі аудиторияға уақытылы және толық көлемде, тіпті онлайн режимінде жеткізу өте маңызды.
Біздің колледждің кәсіптік бағдарлау жұмысының тәжірибесі аталған жұмыстың тиімділігі білім беру бөлімдерінің жауапты мамандары тұлғасындағы серіктестердің іскерлік қасиеттеріне де байланысты екендігін көрсетті.
Сайфуллина Тлеулес Камешевна тұлғасында Ақмола облысы Жарқайың ауданының білім бөлімімен бірлескен қашықтықтан кәсіптік бағдарлау жұмысы осы саладағы ынтымақтастықтың бірден бір дәлелі. Бірлескен жұмыс барысында өңірдің бітіруші сынып оқушылары барынша көп қамтылды.
Бұл ақпарат болашақ түлектерге мамандық пен оқу орнын таңдауда алдыңғы қатарлы колледждер базасында техникалық кадрларды, инженер-өнеркәсіпшілерді даярлау қажеттілігін көрсететін басымдықтарды басшылыққа алуға мүмкіндік береді. Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі (К-ЖТК) еліміздің ТжКБ жүйесінің көшбасшысы болып табылады!
К-ЖТК дипломы – табысқа апарар жол!
Колледж туралы қосымша ақпарат алу үшін http://pt0008.kokshetau.akmoedu.kz сайтына кіруге немесе 8 747 859 15 30 нөміріне қоңырау шалуға болады (кәсіби бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Қайыркенұлы Ибраев).