Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушылары Есентурова Бакыт Саттыбалдықызы мен Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызының ұйымдастыруымен түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай студенттердің танымдық деңгейін дамыту, ақын өмірінен студенттерге мағлұмат бере отырып, оның халық үшін атқарған еңбегін таныту мақсатында «Ахмет Байтұрсынұлы –ұлттың ұлы кемеңгері» атты студенттік конференция болып өтті. Конференция 4 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде «Өмір белестері» атты тақырыпта ақынның өмір жолы жайлы А-20 тобының студенті Жантай Жансая, екінші бөлімде «Ахмет- қазақ тіл білімінің негізін қалаушы» ТЭМ-21 –К тобының студенті Қанат Ернұр, үшінші бөлімінде «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық жолы» тақырыбында ТЭМ-21 –К тобының студенті Советов Ерали, ал төртінші бөлімде “Мысалмен айтқан көп ойлар» баяндамасымен Молдашев Амир таныстырды.
Конференция барысында ДС-21 тобының студенті Мақтым Әсет «Көңіл толқыны» күйін ерекше тебірене орындады.
Сонымен қатар, ақынның шығармашылық қоржынынан ЭТТМ- 21 тобының студенті Новиков Константин «Жиған- терген», ТЭМ-21К тобының студенті Дүйсенбеков Керемет «Қазақ қалпы» өлеңдерін мәнерлеп орындады.
ТЭМ-21 К тобының студенті Агзамов Ахмет – Ахмет Байтұрсынұлы рөлінде «Анама хат» өлеңін шебер сомдап, көрермендер ықыласына бөленді.
Конференция барысында әсіресе ақын-аудармашының «Айна мен маймыл» мысалын Мақтым Әсем, Ахметқұл Ақбота, Қадыр Әлішер- рөлмен нақышына келтіріп орындап шықты.Конференция жүргізушілері ТС-17 тобының Имаммади Ерсін және Ахметқұл Ақбота ұлы ағартушымыздың «Мойындағы борышты білу- білім ісі, борышты төлеу– адамшылық ісі» деген сөзімен аяқтады.