Бүгін, 8 наурызды мерекелеу қарсаңында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің басшысы А.К. Еслямова кәсіподақ комитетінің төрағасы О. Г. Ракецкиймен бірлесіп, шеберлігі, кәсібилігі мен педагогикалық таланты оқу-тәрбие жұмысының тиімділігінің маңызды факторы болып табылатын оқытушылар мен қызметкерлерді құттықтады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі адал еңбегі және кәсіби қызметтегі қол жеткізген нәтижелері үшін педагогтар мен қызметкерлерге грамоталар, бағалы сыйлықтар, ақшалай сертификаттар берілді: Ракишева Р.Ж., Азанова Г. К., Тлеубекова Л. Б., Кузьмина Н. А., Садвакасова А. А., Бобко И. А., Жданова С. Ш., Гиниятулина Л. П., Какимова Г. Ж., Нагорная З. Б., Ергалиева Г. М., Калиева А. Р., Шарыпова О. П., Ануарбекова Б.
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз және шығармашылық әлеует, сарқылмас шабыт және жұмыста тамаша табыс тілейміз!