АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
S?]j޷cF#*ȥ;s6;?Ib>

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Автомобиль пәндерінің пәндік апталығы аясында З СКХ-20 тобымен ашық сабақ өткізілді

04.03.2022

2022 жылғы 3 наурызда автомобиль пәндерінің пәндік апталығы аясында З-СКХ-20 тобымен ашық сабақ өтті. Мақсаты – өткен тақырыптар бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы білімді тексеру, сондай-ақ электр тогының адам ағзасына әсері және одан қорғану тәсілдерімен танысу болды.

Студенттер 2 командаға бөлінді. Сабақ барысында балалармен бірнеше логикалық және практикалық ойындар өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңі «Өз ойыным» деп аталды. Әр команданың қатысушылары жеңіл, орташа, күрделі деңгейдегі тапсырмаларды таңдауы керек болды. Сұраққа дұрыс жауап бергендері үшін ұпай берілді: жеңіл -10, орташа-20, күрделі-30. 

Байқаудың екінші кезеңі «Кроссвордтар ойыны» деп аталды, ал үшінші кезең практикалық сабақ түрінде өткізілді. Әр команда берілген ситуациялық тапсырманы шешіп, көрнекі түрде көрсетті. Ашық сабақ өте қызықты, әрі қарқынды өтіп, студенттер көңілінен шықты. 

Іс-шара соңында қатысушыларға қаламдар мен қарындаштар жиынтығы түрінде сыйлықтар берілді.

Арнайы пәндер оқытушысы Мустафин Ж. К.

 

 

Просмотров: 264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст