АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ВЫСШИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ, ГОРОД КОКШЕТАУ" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "Үздік автоэлектрик" кәсіби шеберлік байқауы

04.03.2022

Автоэлектрик мамандығы жаһандық автомобильдендіру кезінде үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар, қазіргі заманғы машиналар күрделі және көптеген жүйелерге әсер ететін электроникамен жабдықталған, бұл уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді және жөндеуді қажет етеді. Мұндай жөндеумен және автомобильге мерзімді диагностика жасаумен автоэлектрик айналысады.

2022 жылдың 4 наурызында Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінде ЭМ-20-11 тобында «Үздік автоэлектрик» ашық сабақ-кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқау ELETUDE электрондық бағдарламасында өтті және 5 турдан тұрды:

1-тур - Еңбекті қорғау және ТҚ

2-тур - Құралдар

3-тур - Электр өлшеу құралдары.

4-тур - Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету

 5-тур - Автомобиль диагностикасы

Байқауға қатысушылар тапсырмаларды шебер орындап, колледж қабырғасында және өндірісте тәжірибеден өту кезінде үйреніп, білгендерін іс жүзінде көрсете білді.

Байқау соңында келесі жеңімпаздар анықталды:

1-орын -Прищепа Илья Владимирович

2-орын -Аханов Серік Нәбиұлы

3-орын - Брух Станислав Викторович

   Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Арнайы пәндер оқытушысы Аяпбергенов З.Ж.

 

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст