Текст
Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті жыл сайын оқу орындары педагогтерінің тәжірибесін жинақтау материалдарына сараптама жүргізеді. Ағымдағы оқу жылында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі "педагог - зерттеуші" біліктілік санаты Э. Б. Куланованың, "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты М. К. Абленованың, "педагог - зерттеуші" біліктілік санаты Р.М. Даированың және өндірістік оқыту шебері Б. Б. Жетписбаеваның материалдарын сараптамаға жіберді.
Комиссияның шешімімен жоғарыда аталған педагогтардың жұмыстары оң баға алып, 03.02.2022 жылғы №5 бұйрыққа сәйкес облыстық деңгейде жинақталды. Құттықтаймыз!
Басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Д. У. Қожахметова